29 шілде 2022 | 08:45

Адам өлімі болған Есіктегі атыс: барлық күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысы Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдіктілер анықталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдіктілер анықталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1992-1999 жылы туған үш күдікті қамауға алынды. Олардың бәрі жергілікті тұрғындар және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Негізгі күдікті бірінші тәулік ішінде ұсталды. Қалған екеуі кеше ұсталды. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжалда қолданылған атыс қаруы тәркіленіп, айғақ ретінде тергеу материалдарына қосылды", - деді Алматы облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Реклама
Реклама

Сурет: Алматы облысы ПД

Еске салайық, 23 шілдеге қараған түні Есік тұрғындары қала көшелерінен мылтық даусын естіген. Тексеруден кейін полиция 18 және 30 жастағы екі ер адамның оқ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Кейінірек зардап шеккендердің бірінің қаза болғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная