Адам өлтіруге тапсырыс бергені үшін іздеуде жүрген күдікті Дубайда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: POLISIA.KZ

Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубайда Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

"Ол Lenovo Қазақстан компаниясының корпоратив сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарызды қайтармау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй кісі өлтірген", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама