ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2026 18:01
Адамдарды БАӘ мен Түркияға апарған: Грузия Қазақстанға World Business Consulting ісі бойынша күдіктіні берді
Қазақстанға World Business Consulting қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті экстрадицияланды. Ол биыл қаңтарда Грузияда ұсталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА Астана бойынша департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, 2020 жылы күдікті азаматтардың қаражатын жоғары табыс әкелетін инвестициялық бағдарламаларға қатысу сылтауымен тартқан. Алайда компанияның тиісті лицензиясы болмаған және іс жүзінде инвестициялық қызметпен айналыспаған.
Қаражат қолма-қол түрде қабылданып, бухгалтерлік құжаттармен рәсімделмеген. Заңды қызметтің көрінісін қалыптастыру мақсатында салымшыларға онлайн-платформада жеке кабинеттер ашылып, онда жалған "табыс" көрсеткіштері бейнеленген.
"Түскен қаражат қаржы пирамидасына тән қағида бойынша қайта бөлініп отырған, яғни бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген. Жаңа қатысушыларды тарту үшін таныстырылымдар мен үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылып, сондай-ақ БАӘ мен Түркияға сапарлар өткізілген", - делінген ҚМА хабарламасында.
Айта кетейік, 2024 жылы күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, соттың санкциясымен сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 2026 жылғы қаңтарда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Сот санкциясымен күдіктінің жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу