"Ағайынды төртеу" лидері Ізбасардың өзін-өзі ұрып-соққаны видеоға түсірілді - ҰҚК

??К ?кілдері А?т?беде м?най жым?ырды деген к?дікпен ?стал?ан "А?айынды т?ртеу" ?ылмысты? тобыны? лидері делінген Еркін Ізбасарды? аурухана?а не себепті т?скенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК өкілдері Ақтөбеде мұнай жымқырды деген күдікпен ұсталған "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының лидері делінген Еркін Ізбасардың ауруханаға не себепті түскенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Еркін Ізбасарға дене жарақатының салыну және билік өкілдерінің заңды талаптарына мойынсұнбау деректері бойынша соталды тергеудің материалдары тіркелді. Тергеу кезінде Ержан Ізбасардың өз бетіне өзі жұдырықпен соққы жасап, темір төсектің бұрышына басымен ұрынғаны анықталды, бұл видеожазба арқылы дәлелденіп отыр", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері ресми сауалға берген жауабында.

Алайда Еркін Ізбасардың тергеу изоляторына қайтарылу-қайтарылмауы белгісіз қалып отыр. Бұл комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысында анықталады.

Реклама
Реклама

Өткен жылдың 30 желтоқсанында Ізбасардың адвокаты Серік Сәрсенов қорғауындағы азаматтың тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстырылғанын хабарлаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама