22 қыркүйек 2021 | 09:32

"Ағамды өлтірді деп жылап келді" - Алматыдағы атыс куәгері

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Алматының Ақбұлақ мөлтекауданындағы атыс туралы оқиға куәгерлері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Ақбұлақ мөлтекауданындағы атыс туралы оқиға куәгерлері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Дінмұхамед Омаровтың айтуынша, 20 қыркүйекте түстен кейін кеңсе маңында бірнеше рет оқ атылғаны, кейін тағы атыс дыбысы естілген. Осыдан кейін жігіт әріптестерімен бірге көшеге шыққан.

"Кеңсе қайғылы оқиға болған жерден бір-екі үйден кейін тұр. Әріптестерімізбен кеңседе отырғанбыз, сағат 17.00 шамасында үш рет атылған оқтың дыбысы естілді, сосын бір минуттан кейін тағы төрт рет атылды. Біз бұған аса мән бермедік. Бірақ осы оқиғадан кейін қыздың айғайын естідік. Көшеге жүгіріп шыққанымызда бір қыз "ағамды өлтірді, ағамды өлтірді" деп жылап келді.

Біз одан не болғанын сұрай бастадық, бірақ қыз жылап, ештеңе түсіндіре алмады. Оның сөздерінен атыс болған үйдің ауласында үш мәйіт жатқанын ғана түсіндік. Кейін ол үйді алуға ағасымен келгенін айтты. Олармен бірге сот орындаушысы және екі учаскелік полиция қызметкері болған.

Қыз үйге кірмей қақпаның сыртында қалған, ал қалған бесеуі үйге кірген, оларға оқ тиген. Сол сәтте қыз көмек сұрау үшін біз жаққа жүгіріп, ғажайып түрде аман қалды", - деді ол.

Реклама
Реклама

Омаров осыдан кейін бірден полиция жасақтары келгенін айтты. Олар көшені екі жақтан қоршап, ешкімді үйге жақындатпаған.

"Үйге ешкім кірген жоқ, тіпті полиция қызметкерлері де. Олар арнайы жасақты күтті. Үйден де ешкім шықпады. Содан кейін арнайы жасақ келді, бірақ атқышты үйден олар шығармады. Оны полиция-жедел уәкілдері шығарған сияқты, өйткені олар азаматтық формада болды", - деді алматылық.

Сондай-ақ, Омаров оқиға кезінде қыздың қасында басқа сот орындаушысы болғанын мәлімдеді.

"Тағы бір сот орындаушысы жылап жүрді, ол үйдің ішінде екі куәгер болғанын айтты. Шамасы, ол куәгерлерді осы іске тартқан адам. Менің ойымша, бұл оның танысының немесе оның туыстарының таныстары. Себебі ол жанымызда "қазір оның әйеліне бұны қалай айтамын? Оларды шақырған мен" деп жылап тұрды", - деп қорытындылады ол.

Еске салайық, 20 қыркүйекте шамамен сағат 17:00-де Алатау ауданындағы Ақбұлақ мөлтекауданындағы тұрғын үйлердің бірінің 1967 жылғы тұрғыны атыс шығарған. Ол аңшы қаруымен сот орындаушысына, полицияның учаскелік инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Қаза болғандардың ішінде 1982 жылғы майор және 1988 жылғы капитан болған, сонымен қатар сот орындаушысы және дау нысаны болған үйдің жаңа иесі. Алматы ТЖД мәліметінше, департамент қызметкерлері зардап шекпеді.

Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғазған. Бұл қылмысты жасағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Күдіктіні арнайы қызмет өкілдері оқиға орнында қару қолданбай ұстаған, өйткені үйде әйелдер мен балалар болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная