01 қаңтар 2018 | 11:53

"Ағайынды төртеу" ісі фигуранттарының бірі сотта күтпеген мәлімдеме жасады

"Ағайынды төртеу" ісі фигуранттарының бірі Қалдымұрат Қартжан сотта ҰҚК қызметкерлерінің криминалдық топ жетекшісі делінген Еркін Ізбасарға қарсы куәлік беруге зорлықпен мәжбүрлегенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін ер адам ас пен су ішуден бас тартты. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" порталына сотталушының қарындастары хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ағайынды төртеу" ісі фигуранттарының бірі Қалдымұрат Қартжан сотта ҰҚК қызметкерлерінің криминалдық топ жетекшісі делінген Еркін Ізбасарға қарсы куәлік беруге зорлықпен мәжбүрлегенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін ер адам ас пен су ішуден бас тартты. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" порталына сотталушының қарындастары хабарлаған.

"Ағамыз Ізбасардың қылмыстық топқа жетекшілік етпегенін айтқан. 23 желтоқсанда аштық жариялады. Сотта осындай мәлімдемелер жасаған соң улап өлтіре ме деп қорқып отыр", - дейді Самал Қартжан. Әйелдің айтуынша, ұсталып кеткеннен кейін Қалдымұрат жиі соққыға жығылған. Осы мақсатта оны уақытша ұстау изоляторынан ҰҚК Департаментінің ғимаратына апарған, дейді әйел. 

Реклама
Реклама

"Қолдарынан келгенше қорлап жатыр! Басын жарған, аяғынан тыртық байқадым. Осылай ұрып-соққаннан кейін Қалдымұрат мені танымай қалды. Оны уақытша ұстау изоляторында ақпанда көргенмін", - деді Самал.

Тергеушілер болса Қалдымұрат Қартжан "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының өкілі деп отыр. Сондай-ақ, оған қаруды заңсыз алып жүрді, бопсалады, билік өкілдеріне қарсылық көрсетті және адам ұрлады деген айыптап тағылып отыр. Ер адам 2017 жылдың қаңтарында ұсталған еді. Соттағылар ұстау сәті түсірілген видеожазбаны жариялады. 

"Видеожазбада ағам жерде жатады. Ал қалтасынан тапаншасы көрінеді. Газ қаруды оның қалтасына салып жіберген. Тапанша жеке тұлғаға тиесілі. 2015 жылдың қарашасында қару иесінің табылмауына байланысты есептен шығарылған", - дейді Гауһар Қартжан. 


Самал мен Гауһар Картжан. © aktobetimes.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері айыпталушының аштық жариялағаны жайлы мәлімет бойынша пікір білдірмеді. 

Еске салайық, "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері 2016 жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. Кең көлемді операция Қазақстанның бірнеше қаласында жүрген. Тергеу нұсқасы бойынша, топты ақтөбелік Еркін Ізбасар басқарған.

Атышулы іс бойынша бірінші отырыс Ақтөбе облыстық мамандандырылған сотында 5 желтоқсанда өткен. 26 адам сотқа тартылған, оның ішінде ақтөбелік ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов та бар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная