17 қараша 2016 17:00

Ағайындылардың өлімі: Сотталушылар екі бап бойынша айыптаулармен келіспейді

Алматы облысында ағайынды үш азамат Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Харлыханұлы және Әлімхан Қадылбектің өліміне қатысты істің басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ағайынды үш азамат Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Харлыханұлы және Әлімхан Қадылбектің өліміне қатысты істің басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші сот тыңдауына марқұмдардың 50-ден аса туысы өзге қалалардан келді. Сотқа Ұзынағаштың екі тұрғыны Мұрат Оңалбаев пен Талғат Сүлейменов тартылып отыр. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99 ("Адам өлтіру"), 192 ("Қарақшылық") және 202-баптары ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша айып тағылған. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қылмысты хабарламады деп жергілікті малшы Бақыт Байқасымов айыпталып отыр. Сөйтсек, ол 2000 жылы тонау және қарақшылық баптары бойынша Қарағанды облысында соттадып, бес жыл отырып шыққан екен. 


Сотталушылар Мұрат Оңалбаев пен Талғат Сүлейманов және олардың адвокаты Меркебек Мәкенбаев.

"Мен өз кінәмді мойындаймын, бірақ ішінара. 192 және 202-баптар бойынша тағылған айыппен келіспеймін. Бұл алдын ала келісу болған жоқ, көлікті өртеген жоқпыз. Ұқыпсыздықтан болды", - деп мәлімдеді Сүлейманов. 

Ал Оңалбаев өзіне тағылған ешбір айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Қылмыстың куәгері, яғни жергілікті малшы Байқасымов та айыппен келісіп отырған жоқ. Айтуынша, ол қылмыс жайлы құқық қорғау органдарына өзінің және жақындарының өміріне алаңдағандықтан хабарламаған.


Бірінші сот тыңдауына 50 шақты адам келді.

Отырыста бірінші болып мемлекеттік айыптаушы сөз сөйледі. Ол қанды қылмыстың хронологиясын баяндады. Оның сөзіне қарағанда, сотталушылар ағайындыларды тау бөктерінде бір-бірден өлтірген. Алайда марқұмдардың бірі бұл нұсқамен келіспейтінін айтты. Қаза тапқан Жарқынбек Долданұлының ағасының айтуынша, үш ер адам оқ атылғанда сезіктенуі тиіс еді. "Мұнда қылмыскерлер тау бөктеріне жақындағанда 16 бас малды үш рейспен жеке-жеке тасыған деп жатыр. Бастапқыда ағайындылардың бірімен тасыған, кейін екіншісін және осыдан соң үшіншісін апарып өлтірген дейді. Бірақ бұл жігіттердің мал саудасымен айналысып жүргеніне талай жыл болды. Олар малды шатқалға апаруға келіспес еді. Оларды зорлап апарған. Барған жерлерінде осы екі қылмыскердің бандасы болған, оларды да түрмеге қамау керек", - деді марқұмның ағасы. 

Айта кетейік, марқұмдардың туыстары әрбір отбасыға 15 миллион теңгеден өтемақы талап етіп отыр. 

Еске салайық, Көксу ауданының үш тұрғығының өлімі қоғамда қызу талқыланып жатыр. 17 қыркүйекте олар Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданынан 40 бас малды алып шыққан. Олар малды Ұзынағашқа апарып сатқысы келген. Бірақ үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін олардың зорлық белгілері бар мәйіті Ұзынағаштан 200 шақырым жерден табылды. 26 қыркүйекте күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram