Әйелін көңілдесімен жатқан жерінен ұстап алған күйеуі оларға пышақ ала жүгірген

YouTube

Шы?ыс ?аза?стан облысында жергілікті т?р?ын т?секте ?йелі мен танысын ?стап алып, ер адам?а ауыр жара?аттар сал?ан. Осы ?ылмысы ?шін ер адам ?ш жыл?а бас бостанды?ы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын төсекте әйелі мен танысын ұстап алып, ер адамға ауыр жарақаттар салған. Осы қылмысы үшін ер адам үш жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарында оқиғаның биыл ақпан айының басында болғаны айтылады. Риддер тұрғыны әйелі және танысымен мерекені тойлап жатқан. Таныстар ішімдік ішкен. Бір мезетте ер адам үйден шығып кетіп, қайтып келген сәтінде әйелі мен танысын төсекте жатқан жерінен ұстап алады. Осыны көрген ер адам ашуға булығып асханалық пышақты алып, қарсыласына бірнеше соққы жасайды. 

Осы оқиғадан зардап шеккен танысы ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған. Сот отырысы басталған кезде ер адам осы іске өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ер адам зардап шегушінің шығындарын толығымен өз мойнына алған. Сот зардап шеккен ер адамның ерсі қылыққа барып, осы ашуды туғызғанын да есепке алды.

Реклама
Реклама

Риддер қалалық соты адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ер адамды үш жылға бас бостандығын шектеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама