Әйгілі сәнгер Лилия Рах 7 жылға сотталды

Алматыда?ы Алмалы ауданды? сотында Хамро Суванов есімді ?збекстан азаматын ?рлады деп ?амау?а алын?ан Лилия Рах?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Хамро Суванов есімді Өзбекстан азаматын ұрлады деп қамауға алынған Лилия Рахқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месиров "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, қанау мақсатында адам ұрлау" бабы бойынша айыпты деп танылды.

Судья Қуаныш Әріпов Лилия Рахты 7 жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сот олардың мүлкілерін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 15 күннің ішінде соттың шешіміне шағым түсіруге болады.

23 тамызда Лилия Рах адам ұрлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Кейінірек Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растаған еді. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама