31 шілде 2020 12:42

"Әкесі мен баласын қағып кеткен". Алматыда мас жүргізушіге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty_kris_p Фото: almaty_kris_p

Алматыда әкесі мен баласын қағып кеткен мас жүргізуші 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда әкесі мен баласын қағып кеткен мас жүргізуші 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, ол Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

"Бұл - көлікті мас күйде жүргізгені үшін қолданылған жазаның бірі ғана. Екі жаяу жүргіншіні көлікпен қаққаны және тағы бір жол апатын жасағаны үшін және оқиға орнынан ізін суытқанына қатысты істерге тергеу аяқталған соң ғана сот үкімі шығады. Бұл істерді Бостандық ауданының полиция департаменті тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда мас жүргізуші көлігімен әкесі мен баласын қағып кеткен. Ол оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда Жандосов көшесінде жол апатына ұшырап, екі көлікті соққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети