Әкесін оңдырмай сабап тастаған жігіт сотталды

© Хабар 24

Павлодар облысы А?су ?алалы? соты сотталушы?а ?атысты ?Р ?ылмысты? кодексіні? 106-бабы 1-б?лігі ("Денсаулы??а ?аса?ана ауыр зиян келтiру") бойынша ?ылмысты? істі ?арады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?су ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты сотталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 22 шілдеде Ақсу қаласының тұрғыны мас күйінде үйіне келген. Әкесі наразылық білдіріп, неліктен жұмысқа орналаспай жүргенін және түнімен қыдырып, ұйықтауға кедергі жасайтынын айтқан. 

Жігіт әкесінің сөзін жеке басын қорлау деп санап, онымен келіспейтінін айтып, әкесіне жұдырық ала жүгірген. Ол бірнеше рет әкесінің басынан, кеуде тұсынан ұрып 3-5 қабырғасын сындырған. Сонымен қатар ол тері асты эмфизема мен пневмоторакс диагнозы қойылып, Ақсу қалалық аурханасына жеткізілген. 

Реклама
Реклама

Сот үкімімен азамат К.  ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша жоғарылатылған қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама