ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2019 | 14:47
Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел осы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел осы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
"Ресми түрде Бағдат Мәнізоров жұмыс сапарымен жүр. Мен онымен кеше сөйлестім. Бүгін осындай мәліметтер шығуына байланысты, мен, баспасөз жетекшісі ретінде, құқық қорғау органдарына хабарластым. Егер расталмаса, жалған ақпарат таратушы тұлғаларды жауапкершілікке тартатын боламыз", - деді Ғалымұрат Жүкел.
Өз кезегінде Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов шенеуніктің ұсталған ұсталмағаны туралы әзірге хабардар еместігін айтты.
"Қолған ақпарат түсе салысымен, сіздер білесіздер, агенттік ашық түрде жұмыс істейді, сол себепті бізд БАҚ өкілдеріне мәліметтерді береміз", -деді ол.
2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол кәсіпкерлікті дамыту бойынша жетекшілік етті. Мәнізоров тағайындалғанға дейін Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды.
Бағдат Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы, Құйбышев ауылында дүниеге келген. Әр уақытта "Шаған" сауда үйінің президенті, Ақсу ауданының әкімі, "Айсер" ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, 2008-2017 жылдары аралығында Алатау ауданының әкімі болды.
Показать комментарии
Читайте также