22 қаңтар 2020 | 10:57

Ақмола облыстық ҚАЖД басшысының орынбасарына 12 миллион теңге айыппұл салынды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті басшысының орынбасарына 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті басшысының орынбасарына 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі басшысының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде қатысты тергеу жүргізді.

Реклама
Реклама

"Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына қолайлы жағдай туғызған және жалпы қамқорлығы үшін "Qiwi" электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген", - делінген хабарламада. 

Биыл 21 қаңтарда Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ "Әділет майоры" арнайы шенінен айырылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная