02 наурыз 2015 16:08

Ақмола облысында алимент төлемей жүрген 45 борышкерге іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pricom.kz ©pricom.kz

Ақмола облысында алимент төлемей жүрген 45 борышкерге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар балаларын асыраудан, оның ішінде алименттік міндеттемелерін орындаудан бас тартып қана қоймай, сот орындаушыларынан жасырынғандары үшін де іздестіріліп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс полицейлері алимент төлемей жүрген 15 адамды іздестіруге қатысты іс қозғап, олардың 11-ін анықтады. Сонымен қатар, алимент міндеттемелері бойынша 45 борышкерге қатысты іс қозғалып, олардың 34-і анықталды.

"Қазір полицейлерде борышкерлерді және олардың мүлкін іздестіруге қажетті тәсілдің өте көп түрі бар. Ол үшін өзге де мемлекеттік қызметтермен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, банктермен, ұялы байланыс операторларымен бірлесіп іздестіруге немесе әлеуметтік желіні және тағы да басқа қызмет түрлерін қолдануға болады", - делінген хабарламада.

Ақмола облыстық ІІД көші-қон полиция басқармасының басшысы Жұмат Сәрсенбаевтың айтуынша, алименттің жылдам төленуіне жәрдемақыны өндіріп алушылар ықпал ете алады.

"Тәжірибеге сүйенсек, іздеу жарияланған борышкерлер туралы пайдалы мәліметтер, олардың тұратын жерлері, қызметтері мен сапар шегуі мүмкін аймақтары туралы полицияға хабар беру арқылы алимент міндеттемелерін орындатуға болады. Бірақ мұндай мәліметтер полицияға дер кезінде хабарлануы тиіс", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети