ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2019 | 17:28
Ақмола облысында аудан әкімі мен орынбасарлары пара алғаны үшін сотталды
Ақмола облысы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасарлары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметтің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасарлары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметтің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М. Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ. Жақыповқа және Э. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Аталған тұлғалар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдарды егу бойынша шаралар қолданбауы үшін 3 млн. теңге сомасындағы, жалпы құны 1,5 миллион теңге болатын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түріндегі пара алған.
Биыл 19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен Мұстафин 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, Мұқашев 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жақыповқа 4 миллион теңге көлеміндегі айыппұл салынды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.
Показать комментарии
Читайте также