1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды

Ақмола полицейлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме

Иллюстрациялық фото Tengrinews.kz

Ақмола полицейлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

5 желтоқсанда Бұланды АІІБ-нің шақыру бөліміне Вознесенка ауылының учаскелік полиция қызметкерінен белгісіз ер адам 24 жастағы ауыл тұрғыны отырған ВАЗ-2110 автокөлігіне ұсақ калибрлі винтовкадан екі оқ атқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қаскүнем 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты, полицейлер одан ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығын тәркіледі. Сонымен қатар, оқиға орны мен жәбірленушінің көлігін тексерген кезде полиция оқтар тапты.

Қылмыстың себебі жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы дұшпандық қарым-қатынас екені алдын ала анықталған. Бұланды ПБ тергеу бөлімі бұл дерекке қатысты ҚК-нің 24-бабы, 3-99-бөлігі 1-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!