Ақмола облысында әйел адам күйеуінен соққы жеп, мұрнынан айырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: tengrinews

Ақмола тұрғыны қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуінен соққы жеп, мұрнынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД-не сілтеме жасап.

Ақмола тұрғыны қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуінен соққы жеп, мұрнынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД-не сілтеме жасап.

19 сәуірде Зеренді ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінгені туралы хабарлама түскен. Дәрігерлер зардап шегушіге "мұрынның травматикалық ампутациясы" диагнозы қойды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа орташа ауыр деңгейде қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

"Ақмола облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер арасында олардың құқықтарын түсіндіріп, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және зардап шеккендерді егер олар зорлық-зомбылық пен қауіп-қатер объектісіне айналған болса, ІІО-на және дағдарыс орталықтарына уақтылы жүгінуге шақырады. Полицейлер мен қоғамдық белсенділердің барлық күш-жігері жәбірленуші өзінің құқық бұзушысымен татуласқан кезде тиісті нәтижеге әкелмейді", - деп атап өтті Ақмола облыстық ПД.

.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама