ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2022 | 17:44
Ақмола облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталды
Ақмола облысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
"30 маусымында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также