20 сәуір 2022 | 23:27

Ақмола облысында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

18 сәуір күні таңертең Ақмола облысы Аршалы ауданында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

18 сәуір күні таңертең Ақмола облысы Аршалы ауданында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Келесі күні жергілікті атқарушы органның қызметкері бұл туралы полицияға хабарлап, өрт қойғандарды тауып, оларға шара қолдануды сұраған.

Өртті Аршалы ауданының жедел тергеу тобы оқшаулаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңге.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратынан өрт шыққанын анықтады. Өрт түнгі сағат 03.30 шамасында болған. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр", - деп хабарлайды полиция.

Өртенген ғимараттан өзіндік иісі бар 3 литрлік шыны құты мен пластиктен жасалған зат табылды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-тармағы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная