Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайын пышақтап тастаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, С. ас үй пышағын алып, бұрынғы жұбайы А.-ның жұмыс орнына барған. Екеуара сөйлесу барысында жанжал туындаған.

"А. дәретханаға кеткен кезде С. оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған. Кейін әйел қашып, басқа бөлмеге кіргенде, С. оны қуып жетіп, тағы да бірнеше рет пышақ сұққан. Сыртқа қашып шыққан А.-ны көшеде тағы да қуып жетіп, денесіне бірнеше пышақ жарақатын салған. Барлығы 9 пышақ жарақаты анықталған", - деп жазылған сот мәліметінде.

Реклама
Реклама

Көшеде С.-ны куәгерлер ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша С. есірткіге тәуелді екені және емделуі қажет екені анықталған. Сот отырысында С. бұрынғы жұбайын тек қорқытпақ болғанын айтқан.

Сот үкімі бойынша, С.-ға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ, жәбірленуші А.-ның ауруханада емделуіне кеткен шығынды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.

Бұдан бөлек, сотталушы С.-ға жазасын өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама