Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген миллиард теңгеден аса қаржы жымқырылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаражат жымқырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаражат жымқырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру дерегіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр.

Реклама
Реклама

"Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай бюджеттен 1 миллиард 244миллион тенге төленген. Осы факт бойынша ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен ("Аса ірі көлемде жысқыру") соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама