Ақмола облысында жұмыс істемейтін шахтадан екі адамның денесі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан үйінді астынан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан үйінді астынан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына "Центральная" шахтасы кенішінің диспетчерінен 520-аумақта кен үйінділері астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Осы іске қатысты материалдарды жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталған. Олардың бірі - 1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны. Ол бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екінші қайтыс болған адам - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Куәгердің, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген адамның айтуынша, олардың денелері үйілген кен астынан табылған. Ал содан кейін басқалардың көмегімен жер бетіне шығарылған.

Реклама
Реклама

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама