ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2022 | 09:59
Ақмола облысында қарулы қақтығыс болып, 15 адам ұсталды
Ақмола облысында қарулы қақтығыс болды. Оған қатысқан 15 адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында қарулы қақтығыс болды. Оған қатысқан 15 адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
28 маусымда Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне "Қарасай тасжолы" айналма жолы бойындағы автодромда қарулы адамдар тобы қақтығысып жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасы, арнайы мақсаттағы бөлімше, жедел-тергеу тобы қызметкерлері дереу барған. Алдын ала тергеу барысында қақтығыс қатысушылары анықталды: 15 адам, Көкшетау және Қарағанды қалаларының тұрғындары, 22 жастан 40 жасқа дейін.
Оқиға орнынан Tranfoglio және Стражник травматикалық тапаншалары, патрондары, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленген. Дерекке сәйкес ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі ("Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша соталды тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалған. Сараптама тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также