Ақмола облысында қоқыс жәшігімен банкоматтарды сындырған ер адам видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысында қоқыс жәшігімен банкоматтарды сындырған ер адам видеоға түсіп қалды

Ақмолалық мас ер адам қоқыс жәшігімен банкоматтарға залал келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмолалық мас ер адам қоқыс жәшігімен банкоматтарға залал келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атбасар аудандық полиция басқармасына банк қызмет көрсету орталықтарының бірінің басшысынан арыз келіп түсті.

Ол 28 наурыз күні сағат 02:40 шамасында белгісіз адамның қаржы ұйымына тиесілі екі банкоматқа зақым келтіргенін хабарлаған.

Реклама
Реклама

Шығын - 2,7 млн теңге. Қылмыскердің барлық әрекеті банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Қазір істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексі 202-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама