16 тамыз 2022 10:15

Ақмола облысында құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндірген ер адам сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
© Тengrinews.kz

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісімшартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды. Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 миллион теңге болатын заңсыз кіріс алған", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімі бойынша сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, оған 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram