16 тамыз 2022 | 09:36

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардан мемлекеттік баж заңсыз алынған

Дина Шарипханова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысында 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтан мемлекеттік баж салығын заңсыз алу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысында 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтан мемлекеттік баж салығын заңсыз алу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ХҚКО-лардың мүмкіндігі шектеулі адамдардан паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін мемлекеттік баждарды негізсіз алу деректерін анықтаған.

Ведомство мәліметінше, талдау барысында 500-ден аса мүгедек азаматтың құқығы бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мұндай тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп, төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңге болды. Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ, белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажет екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бақылаушы органдарды заң талаптарына мұқият қарауға және азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная