Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұсталды - ҰҚК Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады.

Ұсталғандар лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деп күдікке ілінген. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР ҚК-ның 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама