29 қазан 2019 | 12:29

Ақмола облысында шенеунік пара алып жатқан жерінен видеоға түсіп қалған

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы" ММ басшысына қатысты ірі көлемде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы" ММ басшысына қатысты ірі көлемде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шенеунік 2019 жылдың мамыр - қазан айлары аралығында "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облыстық өлкетану мұражайы мен М.Ғабдуллин атындағы мұражайдың экспозициясын жаңарту бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден бірнеше рет жалпы сомасы 15 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. 28 қазан күні параның қалған 5 миллион 700 мың теңге сомасын алу кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау қаласының ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная