Ақмола облысында сталкер екі баланың анасын өлгенше соққыға жыққан

Ақмола облысында сталкер екі баланың анасын өлгенше соққыға жыққан Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат пайда болды. Онда туыстары қайғылы оқиғаны әйелдің бұрынғы сүйіктісімен байланыстырады. Отбасы тергеудің мұқият жүргізілуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengri Life.

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат пайда болды. Онда туыстары қайғылы оқиғаны әйелдің бұрынғы сүйіктісімен байланыстырады. Отбасы тергеудің мұқият жүргізілуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Жазба авторының айтуынша, А. есімді әйел біраз уақыт бір ер адаммен қарым-қатынаста болған, алайда күзде оның жағымсыз мінез-құлқына байланысты айырылысуды ұйғарған. Туысының айтуынша, олар ажырасқаннан кейін де ер адам әйелді аңдуын қоймаған, нөмірін бұғаттаған соң басқа нөмірлерден қоңырау шалған, жұмысының алдында күтіп алып, аңду әрекеттерін тоқтатпаған.

Жарнама
Жарнама

"Күзде ол ер адамның мінезіне байланысты қарым-қатынасын үзуді ұйғарды. Алайда ол бұған көне алмады. Оны аңдуды жалғастырды: нөмірін бұғаттаған соң әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, жұмыс орнының маңында тосып алып, ізіне түсіп, маза бермеді", - делінген жазбада.

Жазба авторының айтуынша, бірнеше күн бұрын әйел бұрынғы сүйіктісімен кездесуге келіскен. Туыстарының нұсқасы бойынша, ер адам оны жалдамалы пәтерге алып барып, сол жерде екеуінің арасында жанжал шыққан.

"Ол оны жалдамалы пәтерге алып барған, түні бойы аяусыз соққыға жыққан", - деп жазды марқұмның әпкесі.

Сондай-ақ туысы оқиғадан кейін әйелге уақтылы медициналық көмек көрсетілмегенін айтады.

"Ол әйелдің ес-түссіз жатқанын түсінгенде, жедел жәрдем шақырмаған. Оның орнына пәтер мен әпкемнің денесіндегі қанды жуып-шая бастаған. Ол әпкемнің өмірін сақтап қалуға болатын алтын уақытты жоғалтты", - дейді жазба авторы.

Туысының сөзінше, жедел жәрдем бригадасы кейінірек келген. Сондай-ақ ер адам дәрігерлерге әйел батареяға соғылып жарақат алды деп айтқанын алға тартты.

"Дәрігерлерге ол әйелдің батареяға соғылғанын айтқан. Бірақ бұл өтірік", - делінген хабарламада.

Скриншот: Threads

Марқұмның отбасы жарақаттардың сипаты кездейсоқ соққы туралы нұсқаға сәйкес келмейтінін айтады.

"Әпкемнің қабырғалары сынып, бауыры езілген, ал бүкіл денесі мен беті соққы іздеріне, көгерулер мен гематомаға толы. Мұндай жарақаттарды батареяға оқыс соғылғанан болды деу мүмкін емес", - деп жазды туысы.

Сонымен қатар, отбасы жарияланымда айтылған істің құқықтық квалификациясымен келіспейтінін білдірді.

"Ең қорқыныштысы, қазір оған абайсызда өлімге әкеп соғу бабы бойынша айып тағылып отыр. Біздің отбасымыз бұған үзілді-кесілді қарсы. Біз кінәлі адам жасаған ісіне лайықты жазасын алуы тиіс деп санаймыз", - деді жазба авторы.

Туыстары А.-ның артында алты және сегіз жастағы екі баласы қалғанын хабарлады.

"Төрт жыл бұрын олар әкесінен айырылған еді. Енді анасынан да айырылды. Екі кішкентай бала тұл жетім қалды", - делінген жарияланымда.

Полиция не дейді?

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, ведомство баптың квалификациясын нақтыламады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал барысында ер адам дене жарақаттарын салған, соның салдарынан әйел кейіннен қайтыс болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полициядағылар.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама