21 қараша 2023 11:48

Ақмола облысында Toyota Land Cruiser Prado мінген қарулы ер адам іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында Toyota Land Cruiser Prado мінген қарулы ер адамды іздестіріліп жатыр. Ол Макинск қаласының 23 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 қарашаға қараған түні Макинск тұрғындары аудандық аурухана маңында атыс дыбысын естіген. Оқиға орнынан оқ жарақатын алған 23 жастағы ер адам өлі табылды.

Реклама
Реклама

Ақмола облысының Полиция департаменті 21 қарашада сағат 01:30 шамасында 27 жастағы қала тұрғыны танысын атыс қаруымен өлтіргенін хабарлады. Артынша күдікті марқұмға тиесілі Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жеке құрамы мен бөлінген күштері бағытталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram