02 қыркүйек 2023 | 08:59

Ақмола тұрғыны алаяққа оңбай алданып қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© elements.envato.com

Ақмола облысының тұрғыны "банк қызметкерімен" телефон арқылы сөйлескеннен кейін несие алып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының тұрғыны "банк қызметкерімен" телефон арқылы сөйлескеннен кейін несие алып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, 16 тамызда белгісіз адам қоңырау шалып, өзін "Халық банктің" қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Ол алаяқтың әрекеттерінің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk бағдарламасын жүктеу қажет екенін айтқан.

Ер адам айтылған қосымшаны жүктеген, бірақ ұялы телефонның арғы жағындағы алаяқ екенін түсініп, ұялы телефонынан "ұшу" режимін қосқан. Алайда бұл режимді өшіргеннен банктердің бірінен несиені өтеу кестесі туралы хабарлама келген. Онда белгісіз тұлға жәбірленушінің атына 2 миллион 83 мың теңге сомасында несие ресімдегені айтылған.

Реклама
Реклама

Өтініш берушінің айтуынша, ол қылмыскермен телефон арқылы шамамен бір минут сөйлескен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная