23 желтоқсан 2020 | 12:34

Ақмолада ер адам желіде өзін қыз ретінде таныстырып, "әкесі азғырғаны" туралы хабарлама жазған

© pixabay.com

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы ер адам "Одноклассники" желісінде парақша ашып, "әкесі" туралы жалған ақпарат таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы ер адам "Одноклассники" желісінде парақша ашып, "әкесі" туралы жалған ақпарат таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл деректі 20 желтоқсанда Ақмола облысы ПД криминалды полиция басқармасының қызметкерлері анықтаған.

Реклама
Реклама

"Облыс тұрғындарын 15 жастағы "бейтаныс қыздың" әңгімесі шошытқан. Олар блогерден көмек сұраған. Кейін ол полицияға барған. Нәтижесінде "бейтаныс қыздың" әңгімесі 32 жастағы ер адамның қиялынан шыққан оқиға екені анықталған", - деді полициядағылар.

Криминалдық полиция қызметкерлері ер адам "қиындыққа тап болған қыздың атынан" бірден 3 әйелге хабарлама жіберген. Онда тұрғын әкесі қалай азғындық жасағанын толық жазған.

Полиция желіде шындыққа жанаспайтынын ақпаратты кім таратқанын анықтады.

32 жастағы ер адам әлеуметтік желіде жалған парақша ашқанын, бейтаныс әйелдерге жалған хабарлама жібергенін мойындаған. Күдікті фотоны интернеттен, ал жалған парақшадағы қыздың аты-жөнін ойдан шығарғаны белгілі болды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Жалған ақпарат тарату") бойынша Зеренді ауданының полиция бөлімінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная