20 қаңтар 2021 | 17:46

Ақмолада полицейді капотында сүйреген ер адам 5 жылға сотталды

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға былтыр ақпанда Жақсы ауылының маңында болған. Ауыл тұрғыны полицияға бағынбағаны үшін қамауға алынған болатын.

Реклама
Реклама

"Сот шешімімен 24 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану") және Қылмыстық кодекстің 378-бабы ("Билік өкілін қорлау") бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, оқиға былтыр 14 ақпанда болған. Полицейлер Екатеринбург-Алматы жолының 917-шақырымында Chevrolet Aveo жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру кезінде полицейлер ер адамның алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен үш рет айырылғанын анықтады.

Полицейлер көлікті арнайы тұраққа жіберу үшін автокөлікті алып қою актісін жасай бастады. Сол кезде ер адам полиция бөлімінің ғимаратынан шығып, көліктің артына отырып, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкері көлікке жүгіріп барып, жүргізуші есігін ашуға тырысқан. Алайда жүргізуші тоқтамай, полицейді капотында сүйреген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная