20 қыркүйек 2023 12:27

Ақсайда әйелді зорламақ болды деген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақсай қаласында бейнекамера жазбасы арқылы әйелді танысуға шақырып, зорламақ болды деген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсай қаласында бейнекамера жазбасы арқылы әйелді танысуға шақырып, зорламақ болды деген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған аумақта түсірген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектескен.

Қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған.

Реклама
Реклама

"Сол күні 1991 жылғы әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекенжайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, зорламақшы әрекет жасайды. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды", - делінген хабарламада.

Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстаған

"Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram