ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2019 | 14:23
АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды
АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды. Бұл туралы Американың Әділет министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды. Бұл туралы Американың Әділет министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сәйкес, Руслан Асайынов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте, атап айтқанда Бруклин ауданында тұрған. 2013 жылы ол Түркия арқылы Сирияға өтіп, ДАИШ-ке снайпер ретінде қосылған.
Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, Асайынов террористік ұйымда халифаттың "әмір" мәртебесіне дейін қызмет етуге мүмкіндігі болған. Ол оқ ату бойынша нұсқаушы болған және террористерге қару-жарақ алуға көмектескен. Сонымен қатар, ол АҚШ тұрғынын ұрып-соқпақшы болған, бірақ ол Нью-Йорк полициясының құпия хабарлаушысы болып шықты.
Асайынов шетелде тұтқындалып, АҚШ-қа жіберілді. Оның ісі жақын уақытта сотқа беріледі.
Показать комментарии
Читайте также