11 маусым 2019 | 15:58

Ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

© smolnarod.ru

Орал қаласының тумасы букмекерлік кеңседе қомақты қаражат ұтылып қалып, айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласының тумасы букмекерлік кеңседе қомақты қаражат ұтылып қалып, айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаскөй кассирді пышақпен қорқытып, әр түрлі валютадағы 10 миллион теңге алып кетіп, ізім ғайып жоғалған. 

Реклама
Реклама

Ізін суытпай бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, артынша ұсталды.

Ұсталған қылмыскер ұрланған ақшаны жұмсап үлгермеген. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты заттар (пышақ пен ақша) тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстыбар-жоғы тексеріледі.               

  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная