21 қаңтар 2023 | 10:20

Ақсуда жол апатына себеп болған жедел жәрдем жүргізушісі жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ақсу қалалық соты 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін комада жатқан науқасты жансақтау бөліміне апара жатқан кездегі жол апатына кінәлі деп танып, айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсу қалалық соты 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін комада жатқан науқасты жансақтау бөліміне апара жатқан кездегі жол апатына кінәлі деп танып, айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық сот мәліметінше, бұл жайт былтыр желтоқсанда Ақсуда болған. Өте ауыр науқасты ауруханаға жеткізуге асыққан жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршам қызыл жанып тұрған кезде өтіп кетіп, өзін өткізіп жібермеген көлікпен соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі басқа көлікпен соқтығысқан.

Сот ауыр науқасты тасымалдау кезінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жанып тұратын арнайы шаммен жүргенін ескерген. Алайда бұл жеткіліксіз болған.

Реклама
Реклама

"Қозғалыстың басқа қатысушыларына қарағанда артықшылыққа ие болу үшін мұндай көлік жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқыл шамшырақ пен арнайы дыбыс дабылын пайдаланады. Олар өздеріне жол берілгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана артықшылыққа ие болады. Бұл жағдайда жедел жәрдем жүргізушісі дыбыс дабылынсыз жүрді, қауіпсіздік мақсатында жылдамдықты төмендетпей, жол берілгеніне көз жеткізбей, жол апатын жасады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, зардап шеккен көліктердің куәгерлері мен жүргізушілері дыбыс дабылын естімеген. Жедел жәрдем көлігінде келе жатқан екі фельдшер дыбыс сигналы болғанын мәлімдеген. Бірақ сот олардың айғақтарына сыни көзқараспен қарап ескермеген.

"Сот жүргізушінің қараңғыда жүргенін және мұқият болуы керегін де ескерді. Сондай-ақ, ер адам жол апатынан бір күн бұрын жедел жәрдемге жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Бұл ретте сотқа тағылымдамадан өткені туралы құжаттар ұсынылмады", - делінген сот қаулысында.

Сот құқықбұзушылық бірінші рет жедел қызметтік тапсырманы орындау кезінде абайсызда жасалғанын ескерген.

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, айыппұл сомасын 30 пайызға қысқартқан. Бұл 42882 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная