ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2019 | 16:10
Ақтау полицейлері бекіре балығымен заңсыз айналысқан әйелді ұстады
20 қыркүйекте бекіре тұқымдас 20 балығы бар әйел ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйекте бекіре тұқымдас 20 балығы бар әйел ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әйел 70 келі бекіре балығымен 7-шағын ауданындағы №8 үйдің маңында ұсталды. Оны Ақтаудың табиғат қорғау полиция қызметкерлері тұтқындады.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Показать комментарии
Читайте также