ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2021 | 10:15
Ақтауда 400-ге жуық салымшыны алдаған құрылыс компаниясы сотталды
Ақтауда 395 салымшыны алдап кеткен құрылыс компаниясы 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда 395 салымшыны алдап кеткен құрылыс компаниясы 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер Орақ Қоштаев аяқталмаған үйлердегі пәтерлерді бірнеше клиентке сатқан. Ол 395 салымшыдан 1,8 миллиард теңге алған. "Тастемір LTD" құрылыс компаниясының бұрынғы директоры халықтан ақша алып, оларға төрт үйден пәтер беруге уәде берген. Бірақ іс жүзінде ешқандай үй салынбаған. Нысандарды тапсыру мерзімі өткенде, ол сатып алушылардан жасырына бастаған.
Алаяққа қатысты сот ісі бірнеше айға созылды. Одан әзірге 423 миллион теңге ғана өндірілген.
"Қашаевқа жаза тағайындау кезінде сот тергеу органдары кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды көрсетпегенін ескерді. Сондықтан сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Айнұр Қызылбаева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также