05 тамыз 2019 | 17:38

Ақтауда атыстан екі адам ауыр жарақат алған

© vd-tv.ru

Оқиға 6-шы шағын ауданда орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жәбірленушілерді Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Маңғыстау қалалық полиция департаменті мәлімдеген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқиға 6-шы шағын ауданда орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жәбірленушілерді Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Маңғыстау қалалық полиция департаменті мәлімдеген. 

Зардап шеккендердің айтуынша, жанжал ауызша қақтығыстар салдарынан болған. 

Реклама
Реклама

"1993 жылғы жәбірленуші аяғынан жарақаттанған. Ал 1992 жылғы азамат сол жақ білегіне оқ тиген", - деп хабарлайды Маңғыстау қалалық денсаулық сақтау департаменті.

Департамент мәліметінше, күдікті екі айға қамауға алынған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілген. 

"Аталған дерек бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде. Тергеу жалғасуда", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная