ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2020 | 10:17
Ақтауда белгісіз біреулер ер адамды атып кеткен
Ақтауда №5 шағын аудандағы аулалардың бірінде белгісіз біреулер ер адамды атып кеткен, - деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда №5 шағын аудандағы аулалардың бірінде белгісіз біреулер ер адамды атып кеткен, - деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 қыркүйек кешкі сағат 19:55-те қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне атыс туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.
"Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол есін жимастан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды жергілікті "Лада" порталы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также