13 қыркүйек 2021 16:24

Ақтауда дәрігерлер 150-ден аса жалған вакцинация паспортын сатқанын мойындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының криминалдық полициясы жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адамды анықтады. Олардың арасында дәрігерлер мен олардың делдалдары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының криминалдық полициясы жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адамды анықтады. Олардың арасында дәрігерлер мен олардың делдалдары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті 6 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, процедурадан өтпеген адамдарға жалған вакцинация паспорттарын сатқан дәрігерлер мен делдалдарды, барлығы сегіз адамды ұстағанын мәлімдеді.

Олар деректер базасында ресми тіркелген құжат үшін 30-50 мың теңге алған. Күдіктілер 150-ден аса тұрғынға жалған паспорт сатқандарын мойындаған.

Реклама
Реклама

ҚР ҚК-ның 385-бабы 2-бөлігі ("Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram