ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2021 | 17:53
Ақтауда дүкен сатушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған
Ақтауда азық-түлік дүкенін тонау үшін сатушы қызға шабуыл жасаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Кадрларда ер адам тұншықтыру әдісімен қызды талдырады. Полиция шабуылдаушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Дүкен сатушысына жасалған шабуылдың кадрлары Желіде пайда болды. Видеода ер адамның дүкенде ары-бері жүргені, содан кейін сатушы тұрған жаққа кіріп, қызды қолынан ұстап алғаны көрінеді. Қыз дүкеннен қашуға тырысады, бірақ шабуылдаушы оны тұншықтыру әдісін қолданып, талдырады. Жәбірленуші еденге құлаған соң, ер адам оны бірнеше рет тебеді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері оқиға 22 сәуірде сағат 03:07-де Ақтаудың 13 шағын ауданындағы дүкенде болғанын хабарлады. Шабуылдаушы сол түні ұсталды.
"Кезекші пультіне белгісіз ер адам дүкен сатушысына күш қолданғаны, қарақшылық шабуыл жасап, ақша мен ұялы телефондар ұрлап кеткені туралы қоңырау түсті. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Ол кінәсін толық мойындады. Соталды тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Полиция өкілдері зардап шеккен қыз аман екенін хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также