ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 20:26
Ақтауда ер адамды күрекпен сабағандар видеоға түсіп қалды
Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады. Оқиға автокөліктердің маңында болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4 қазанында шамамен сағат 16.30-да Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне 6-ықшамаудандағы 37-үй маңында жаппай төбелес болғаны туралы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау Полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды", - деді полициядағылар.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркелгені хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также