06 желтоқсан 2021 08:42

Ақтауда жол бойындағы төбелес: полиция зардап шеккендерді тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Ақтау полициясы жол бойында болған төбелесте жәбірленушілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау полициясы жол бойында болған төбелесте жәбірленушілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер төбелесте зардап шеккен ер адам мен оның жұбайын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жәбірленуші мен белгісіз адамдар арасындағы төбелес жанжалдан туындаған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады полициядан.

Реклама
Реклама

Төбелесті ұйымдастырушыларға 5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Оқиғаның барлық мән-жайы мен қатысқан басқа азаматтарды анықтау үшін тергеу жұмыстары мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram