Ақтауда қаланың қақ ортасында төбелес ұйымдастырғандар ұсталды

Kozachkov offside

Ақтауда қаланың қақ ортасында төбелес ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда қаланың қақ ортасында төбелес ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 9 мамырда түнде 5-шағынауданда орналасқан мейрамхана маңында жаппай төбелес болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Реклама
Реклама

Куәгер түсірген кадрлардан шамамен он шақты ер адам төбелескені көрінеді. Екі ер адам жолдың үстінде төбелесіп жатса, өзгелері келіп, бірігіп соққы жасаған.

Оқиға салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жолда кептеліс пайда болған. Кейінірек оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, күдіктілер ұсталған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама