Ақтауда қарулы топтың ұсталған сәті видеоға түсірілді

© polisia.kz

Ақтауда полиция қызметкерлері қарулы топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда полиция қызметкерлері қарулы топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар облыс аумағында деструктивті діни ағымдар өкілдерін қадағалау барысында ұсталды.

"8 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мен жедел әрекет ету тобы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ақтау қаласының 1-шағын ауданы маңында 3 көлікте болған қарулы топты ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Олардан 3 атыс қаруы, 4 травматикалық тапанша және оқ-дәрілер табылды.

Бұл факт бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама