ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 қаңтар 2022 09:08
Ақтауда көліктерін безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды
Ақтауда көліктерін безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ДПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патрульдік полиция қызметкерлері 30 желтоқсан күні сағат 20.00 шамасында қала көшелерінен Жыл мерекесіне орай безендірілген көліктерді ұстады.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жабылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу