14 қараша 2021 | 11:34

Ақтауда мектеп дәретханасында таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің мән-жайы белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"КТК" телеарнасынан

Маңғыстау облысының полициясы мектеп дәретханасында таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының полициясы мектеп дәретханасында таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелеске қатысқан тұлғалар анықталғаны айтылды.

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылатындар - кәмелет жасына толмағандар. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады, балалар есепке алынады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұған дейін зардап шеккен бала өзімен қатарлас сынып оқушыларына ақша беруден бас тартқаны, содан кейін олар оған қарсы жұдырық ала жүгіргені хабарланды.

Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер кем дегенде тағы екі апта болатынын айтқан еді. Жасөспірімде ми гематомасы екені, жақ сүйегі сынғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная