04 тамыз 2022 | 09:07

Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото lada.kz сайтынан

Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2 тамыз сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болған.

"Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті 27 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Қаза тапқан инспектор 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная